«SözÖrnegi.kz» тіл корпусы

Жазушылар шығармасынан сөз іздеу

Категорияларды таңдаңыз (бірнешеуін таңдауға болады):

Тазалау
Нәтижелер саны: 9

КҮШІКБАЙ

Мағынасы: Арқалықты қыстайтын бес-алты ауылдың атасы, батыр.

Мәтіндегі қолданысы: Арқалықтың жолы асатын кезең - Күшікбай кезеңі деп аталады; Күшікбай - Арқалықты қыстайтын бес-алты ауылдың атасы.

АРҚАЛЫҚ

Мағынасы: С. қаласының оңтүстігіндегі тау.

Мәтіндегі қолданысы: С. қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Арқалық деген тау бар.

КҮШІКБАЙ КЕЗЕҢІ

Мағынасы: Арқалық тауындағы асу.

Мәтіндегі қолданысы: Арқалықтың жолы асатын кезең - Күшікбай кезеңі деп аталады.

КӨҢІЛСІЗ САЛҚЫН ӨМІР

Мағынасы: Кәріліктің, мұң мен жалғыздықтың бейнесі

Мәтіндегі қолданысы: Оларға білдіретін заманның шежіресі - дәурені өтіп кедейлік басқан, көңілсіз салқын өмірге түскен кәрілер болатын.

ШОЛАҚ ЖҰТ

Мағынасы: Қысқа мерзімді, бірақ зардабы қатты жұт.

Мәтіндегі қолданысы: Жыл сайын қыс басынан қарлы болып, малға панасы жоқ болғандықтан, бауырын жайлаған ел малын өлтіріп, өзге ел аман отырғанда, шолақ жұттың құрығынан құтылмайтын.

АСЫЛ НҰРДЫҢ БУЫН ЖАЛАТҚАНДАЙ

Мағынасы: Күн сәулесін алтынға немесе асыл тастың жылтырына балау

Мәтіндегі қолданысы: Төбеге жақын тұрған алысырақ бұлттардың бір-бір жағы ғана жұқалаң қызылға боялған асыл нұрдың буын ғана жалатқандай.

ЕНСІЗ КЕРЕГЕ СЫҚЫЛДЫ

Мағынасы: Таудың пішінін керегеге ұқсату.

Мәтіндегі қолданысы: Жолдың аузында көлденең созылып жатқан тұрқы он шақырымдай болғанмен, енсіз кереге сықылды, жалғыз тау.

АҚАН

Мағынасы: Болыс, қырықтар шамасындағы, жүріс-тұрысы еркін, қатыгез, мейірімсіз, сезімсіз, тек өз құмарын ойлайтын зорлықшы.

Мәтіндегі қолданысы: Суық қарайтын қисық біткен кішілеу өткір көзінде және түксиген қабағында өзгеше қаталдық бар; Бұл адамның күлгендегі пішіні құмарлыққа көп салынғандығын білдіріп тұрады.

ҚАЛТАЙ

Мағынасы: Ақанның сыбайласы, қу, екіжүзді, қылмысты жасырушы.

Мәтіндегі қолданысы: Қалтай аса пысық, сөзге ұста, қалжыңқой, сужұқпастау, әсіресе Ақанның түндегі жүрісіне өте ыңғайлы, әрі жылпос, әрі тілді ер жігіт еді.